«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс»
26
қаңтар
2021

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс»

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. 
Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген.Тарихы тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қауымдастығына қауіп төндіріп отыр.Біздің Республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. 
Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. «Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып турасын айтып әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып еңсесі биік 30 елдің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып – парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив