21
ақпан
2022
«Оқуға құштар мектеп»
Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова қаламызға келген іссапары барысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиевамен 2022 жылдың 21 ақпанында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебіне келді. Іссапар барысында Шолпан Таңатқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебімізде атқарылып жатқан
іс- шаралар барысымен және «Білімді ұлт» сапалы білім бер ұлттық жобасының екінші міндеті – орта білім беру сапасын арттыру. Атап айтқанда, (PISA).халықаралық зерттеулер бойынша дайындық жұмыстарының жүргізілуімен танысып өтті. Өзін -өзі басқару ұйымының , дебат клубтарының жұмыстарына да өз бағасын берді. Кездесу барысында мектебіміздің педагогтарының көкейіндегі білім саласындағы өзекті мәселелерін тыңдап, алдағы уақытта білім саласындағы жоспарланып отырған жаңалықтарымен бөлісті.