12
қыркүйек
2022
"Тәрбие басы - тал бесік"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде 12 қыркүйек күні "Тәрбие басы - тал бесік" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
2.Мектептің ішкі тәртіп ережесі.
3. Мектеп асханасы ыстық тамақты ұйымдастыру туралы .
4. Әр түрлі мәселелер
5. Мектеп психологы тренинг
Жоғарыда аталған мәселер бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Г.Ж.Тұрғанбай мен Е.Д.Бекбаев баяндама жасап, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен ата-аналарды таныстырып өтті.Сонымен мектеп асханасындағы ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөнінде мектептің әлеуметтік педагогы Т.С.Бестаева баяндама жасады.
Мектеп директоры А.Ж.Тажен ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ата-аналарға өмірдің маңызды 8 саласы жайында айтып, балалар үшін тиімді тұстарын атап көрсетті.
Сонымен қатар ата-аналар жиналысына қамқоршылық кеңесінің төрайымы Б.Жакыпбекова мен мектеп инспекторы Е.Дәржанов қатысып, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау керектігін, сабақтан тыс уақытта оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-аналардың міндеті екенін айтып өтті.
Жиналыс соңында мектеп психологы Д.И.Ердалиева "Стакан мұнарасы" тақырыбында бала тәрбиесіне қатысты тренинг өткізді.
#шымкент_қаласы_білім_басқармасы
#балалар_жылы_шымкент
#shymkenttarbie