«Өнегелі бір сағат» » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ақпан
2023

«Өнегелі бір сағат»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің тәрбие жұмысының «Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық» бағыты бойынша тілдер бірлестігінің апталығына орайластырылған , «Өнегелі бір сағат» және «Оқуға құштар мектеп» жобалары  аясында ақиқат шындықты бейнелі поэзия тілімен жырлап жүрген, Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі, Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың иегері, 2013 жылдың «Үздік ақыны» номинациясының иегері атанған. «Бір өлең – бір сурет» конкурсының, «Темірқазық» түнгі кітапхана әдеби клубының  идеялық авторы.  Жергілікті ақын ағамыз Құрал Көмекпен «ШЫНДЫҚТЫ БЕЙНЕЛЕГЕН АҚЫН» тақырыбындағы  әдеби кеш өтті.
     Кешті мектеп директоры Тажен Әбдіхалық Жақсылықұлы ашып берді. 
Кеш барысында 9 «А» сынып оқушысы Сапаралы Аман «Алқалы жұртым, армысың!» термесін орындаса, мектеп оқушылары ақынның жыр шумақтарынан әдеби-композиция ұсынды. Ақын Құрал Көмектің сөзіне жазылған «Достық маршы» әніне 5 «Б» сынып оқушылары марш биін орындап, көрермендердің көзайымына айналды. Мектеп ұстаздары ақынның «Қолыңды берші көктем гүл» өлеңін бейнепоэзия арқылы көрермендер назарына ұсынды. 
      Кеш ақын Құрал Көмектің өмірі мен шығармашылығына арналған сыр-сұхбатқа ұласты. Сұхбат барысында ақын мектеп басшысы, ұстаздары мен білім алушыларының арнайы сұрақтарына мардымды жауап беріп, өнегелі әңгіме өрбітті. 
      Кеш соңында ақын белсене қатысқан оқушыларға  өзінің кітабын арнайы қолтаңбасымен тарту етіп, өскелең ұрпаққа ізгі тілектерін білдірді.
#тәрбие_әдістемелік_орталығы
#оқуғақұштар_мектеп_шымкент
#оқуғақұштар_мектеп_әдістемілік_орталық
#Тәрбие
#76мектеп
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив