21
ақпан
2023
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының 10.02.2023 жылғы №64 бұйрығына №80 қосымшаға байланысты Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңесінің мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
2.Қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайлау.
Мектеп директоры А.Ж.Тажен Қамқоршылық кеңесінің отырысын ашып беріп, күн тәртібіндегі мәселермен таныстырды. Отырыс барысында ДТЖЖО Н.Досымбетов қамқоршылық кеңесінің мақсаты білім беру ұйымына қолдау көрсету, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық –техникалық базасының нығайуына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтты. Сонымен қатар қамқоршылық кеңесінің бағыттары білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс –шараларға көмек көрсету керек екендігіне тоқталып өтті. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен мен жұмыспен қамтылуын жақсартып, білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу мен білім беру ұйымы басшылығының қамқорлық кеңесі алдындағы есебін тыңдап қабылдау керектігі туралы айтты.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері ашық дауыс беру арқылы Жузумбаев Мурат Бекмуратовичты қамқоршылық кеңесінің төрағасы етіп сайлады. М.Б.Жузумбаев Қамқоршылық кеңесінің төрағалығына келісімін бере отырып, Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне алғысын айтып,бірге жұмыс жасауға шақырды.