27
қараша
2024
«Біртұтас тәрбие»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 26 қараша күні 7-8-9 сынып оқушыларына арналған «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (ДТЖЖО) және мектеп психологтарының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
Бұл іс-шара оқушыларға заманауи алаяқтық түрлерін таныстыру және одан сақтану жолдарын үйретуге бағытталды. Іс барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, интерактивті сұрақ-жауап әдістері қолданылды. Оқушыларға қажетті ақпарат пен кеңестер беріліп, өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.