29
қараша
2024
«Салауатты өмір салты»
Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" іс-шара жоспары
Р. Мырзашев атындағы негізгі орта мектебінде 2024 жылдың 27 қараша күні 7-8-9 сынып қыз балалардың денсаулығы мен болашағына арналған «Салауатты өмір салты» және «Ерте жүктіліктің алдын алу» мақсатында жасөспірімдер гигиенасы туралы маңызды шара өткізілді. Жоғары сынып оқушыларына арнайы дәріс оқу үшін тәжірибелі гинеколог пен психолог шақыртылды. ШЖҚ «11 қалалық емхана»Гинеколог-Аманова Нургул Нуркеновна ,Психолог- Кемелбекова Акжаркын
Шара барысында қыз балаларға ерте жүктіліктің алдын алу, жеке гигиена, өз-өзіне деген жауапкершілік және жасөспірімдік кезеңдегі физикалық, психологиялық өзгерістер туралы маңызды ақпарат берілді. Сондай-ақ, өз денсаулығын қорғаудың маңызы мен дұрыс шешім қабылдаудың жолдары талқыланды.
Мұндай дәрістер оқушылардың саналы және салауатты өмір салтын қалыптастыруына, болашақ өміріне жауапкершілікпен қарауына септігін тигізеді. Біз балаларымыздың жарқын болашағы үшін осындай маңызды тақырыптарды талқылауды жалғастырамыз.
Балаларымыздың денсаулығы мен амандығы – бәріміз үшін басты құндылық!"