03
октябрь
2025
«DOSBOLLIKE»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы N76 негізгі орта мектебінің педагог-психологтары Мизанова Самал Аманкельдиевна, Кожамбердиева Балнур Жумабековна ДосболLike бағдарламасының жоспарына сәйкес “Буллингтің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл” бойынша мектебіміздің қызметкерлеріне арналған семинар болды.
Мақсаты:білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында жәбірлеу/буллинг және зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің білім алушыларға қатысты әртүрлі жағымсыз көріністерге төзімбеушілік қатынасын қалыптастыру.
Міндеті: 1.Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің буллингке қарсы іс-қимыл үшін жауаркершілігін арттыруды ынталандыру.
2.Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жәбірлеу (буллинг) және оның таралуының алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
3.Жәбірлеуге (буллингке) тиімді қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру.
«DOSBOLLIKE» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Бұл бағдарлама – білім беру ұйымдарында қауіпсіз, достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған.
Әр бала үшін қауіпсіз және мейірімді орта қалыптастыру!
Бала – біздің болашағымыз, ал олардың психологиялық саулығы – бәріміздің ортақ міндетіміз