10
ноябрь
2025
«Қамқор»
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие тұжырымдамасы және «Қамқор» проект аясында «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында түскен қаражат жағдайы төмен отбасындағы оқушыларға қолдау көрсету мақсатында жұмсалды.
Жиналған қаражатқа мектеп тарапынан оқушыларға қыстық сырт киімдер мен аяқ киімдер алынып, табысталды. Бұл шара оқушылардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оларға қолдау көрсету, мейірімділікке баулу және өзара қамқорлық сезімін қалыптастыруды басты мақсат етті.
Іс-шараға атсалысқан ата-аналарға, ұстаздарға және оқушыларға алғыс білдіреміз. Бірлік бар жерде — береке бар.

