08
декабрь
2025
«Кибербуллинг: балалар әлеуметтік желіде қауіпсіз бе?»
«Кибербуллинг: балалар әлеуметтік желіде қауіпсіз бе?»
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде 7-сынып оқушылары арасында кибербуллингтің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Бүгінгі цифрлық дәуірде әрбір баланың әлеуметтік желіні қауіпсіз пайдалана білуі — маңызды талап. Сабақ барысында оқушыларға:
• Кибербуллингтің түрлері;
• Әлеуметтік желідегі жеке ақпаратты қорғау жолдары;
• Қауіпті хабарламалар мен бейтаныс адамдардан келетін ұсыныстардан сақтану;
• Қиын жағдай туындағанда кімге хабарласу керектігі туралы толық ақпарат берілді.
Шараның мақсаты — оқушылардың интернеттегі мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету және кибербуллингке қарсы саналы көзқарас қалыптастыру.
Балалардың онлайн кеңістікте өздерін сенімді әрі қауіпсіз сезінуі — бәріміздің басты міндетіміз!
