Әкімшілік - «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ https://76.shymkent-mektebi.kz/ ru Әкімшілік - «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ DataLife Engine МЕКТЕБІМІЗДІҢ МЕРЕЙІН ӨСІРГЕН ОҚУШЫЛАР https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/05/mektebmzd-merejn-srgen-oushylar.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/05/mektebmzd-merejn-srgen-oushylar.html Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен нәтиже көрсеткен оқушылар:]]> МЕКТЕБІМІЗДІҢ МЕРЕЙІН ӨСІРГЕН ОҚУШЫЛАР ✨
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен нәтиже көрсеткен оқушылар:
7 сыныптар бойынша:
* Көшербек Қайсар математика пәнінен 3 орын 
Жетекшісі: Бөріханова Р.А
* Балтабай Баян биология пәнінен 3 орын
Жетекшісі: Осаева Г.Е
8 сыныптар бойынша:
* Ілияс Әмина ағылшын тілі пәнінен 2 орын
Жетекшісі: Нуржанова Г.Б
* Амирхан Диана математика пәнінен 2 орын
Жетекшісі: Есенкулова Г.А
* Абдулвахид Али биология пәнінен 2 орын
Жетекшісі: Көшер Б.Қ
* Меирбек Аяла география пәнінен 2 орын
Жетекшісі: Хидыярова И.Р
* Көшербек Тимур Қазақстан тарихы пәнінен 3 орын
Жетекшісі: Умиртаева Ж.Т
Құттықтаймыз!!!
]]>
admin76 Fri, 05 Dec 2025 16:21:11 +0600
“Есірткі – ғасыр дерті”, https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/03/esrtk-asyr-dert.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/03/esrtk-asyr-dert.html “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
“Есірткі – ғасыр дерті”, “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
]]>
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі
8 "Б" сынып оқушылары
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
“Есірткі – ғасыр дерті”, “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, қоғамға және адам денсаулығына тигізер зардабын түсіндіру.
Іс-шара барысында:
• Есірткінің таралу себептері
• Адам денсаулығына әсері
• Қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараға мектеп тәлімгері Ә.Әлімбекқызы және медбике Е.Курбонова қатысты.
]]>
admin76 Wed, 03 Dec 2025 16:26:03 +0600
БАҚЫТТЫ БАЛА -БАҚЫТТЫ ОТБАСЫДАН ӨСЕДІ! https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/11/04/baytty-bala-baytty-otbasydan-sed.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/11/04/baytty-bala-baytty-otbasydan-sed.html ]]> Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы N76 негізгі орта мектебінің ДТЖЖО Сейдимбекова К.И. 03.11.2025 ж білім басқармасының хаты негізінде ата-аналар жиналысын ұйымдастырып, ата-аналарға нұсқаулықпен таныстырып түсіндірме жұмысын жүргізді.  Ата-аналар жиналысында оқушылардың тәртіп мәдениетін нығайту, ата-ананың жауапкершілігін арттыру және мектеп пен отбасының өзара байланысын күшейту керектігін айтып өтті. 
      Педагог-психологы Мизанова Самал Аманкельдиевна ата-аналарға “Мектеп пен ата-ана байланысын нығайту”, “Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас” сауалнамасын алып, “Баланың жан-жақты дамуы-ата-ананың қолдауынан басталады” ата-аналарға арналған психологиялық кеңес берді.
Қорытынды: Әр бала -қайталанбас тұлға. Оның дамуы үшін махаббат, түсіністік және қолдау қажет. Бала тәрбиесі-үздіксіз процесс, сондықтан әр қадамыңызға жауапкершілікпен қараңыз. БАҚЫТТЫ БАЛА -БАҚЫТТЫ ОТБАСЫДАН ӨСЕДІ!
]]>
admin76 Tue, 04 Nov 2025 18:22:14 +0600
"Қош келдің, әз Наурыз!" https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/03/31/osh-keld-z-nauryz.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/03/31/osh-keld-z-nauryz.html "Қош келдің, әз Наурыз!" мерекелік іс-шарасы ]]> "Қош келдің, әз Наурыз!" мерекелік іс-шарасы 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде Наурызнама онкүндігі аясында "Қош келдің, әз Наурыз!" атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
 Іс-шараның ерекшеліктері:
Мектеп мұғалімдері "Көк Тәңірінің қуаты, төрт түліктің тіршілігі мен тайқазанның Наурыз көжесі" атты сахналандырылған қойылым қойып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
 "Akkum.dance" би тобы қазақтың "Құстар биі" мен "Полька биін" билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
 Музыка пәнінің мұғалімі М.Қалқаев әсем әуезді "Отырардағы той" әнімен мерекелік көңіл күй сыйлады.
 К.И.Сейдимбекова мен Ж.А.Умбетбаева орындаған "Жолыққан қандай жақсы" әні көпшілікті баурап алды.
 Мектеп кітапханашысы Ә.Бухарбаева "Қазағым" әнін орындап, ұлттық рухты асқақтатты.
 Мектеп мұғалімдері "Қамажай" биімен шараның сәнін келтіріп, көрермендерді Наурыз думанына бөледі.
 Ұлттық құндылықтар ұлықталған Ұлыстың ұлы күні әсерлі сәттерге толы, ерекше көңіл күймен атап өтілді!

]]>
admin76 Mon, 31 Mar 2025 15:36:52 +0600
КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА ОТЫРЫСЫ: БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ САПАСЫ, МЕНЕДЖМЕНТ, ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ҮШІН КАДРЛАР ДАЯРЛАУ https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/02/07/keejtlgen-ala-otyrysy-blm-beru-mazmnyny-sapasy-menedzhment-zamanaui-infrarylym-balalardy-aupszdg-zhne-jekonomika-shn-kadrlar-dajarlau.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/02/07/keejtlgen-ala-otyrysy-blm-beru-mazmnyny-sapasy-menedzhment-zamanaui-infrarylym-balalardy-aupszdg-zhne-jekonomika-shn-kadrlar-dajarlau.html Астанада педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының, өңірлік білім басқармалары басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сарапшылардың және саланың басқа да қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Оқу – ағарту министрлігінің дәстүрлі алқа отырысы өтті.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өткен жылды қорытындылап, білім беру сапасын одан әрі арттырудың басым бағыттарын айқындап берді. Ол орта білім беру мазмұнының қайта қаралғанын, ал жаңа МЖМБС жобасына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына енгізілген құндылықтар енгізілгенін атап өтті.
«Білім беру тәрбиемен тығыз байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойына құндылықтар жүйесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған алты негізгі жобаны қамтитын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Бұл жұмыстың тиімділігі көп жағдайда сынып жетекшілеріне байланысты. Сондықтан оны мол тәжірибесі бар білікті ұстаздардың орындауы маңызды. Тәрбие бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін ескере отырып, педагогтердің сынып жетекшілігіне деген көзқарасын түбегейлі қайта қарау керек», - деді Ғани Бейсембаев.
Ведомство басшысы елімізде білім беру сапасын бағалаудың өзіндік ұлттық жүйесі қалыптасқанын атап өтті. ББЖМ қазақстандық бағалау құралы RCEC сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығында халықаралық деңгейде танылды, осылайша Қазақстан Орталық Азиядағы білім беру сапасын бағалау жүйесі бойынша аккредиттеуден өткен жалғыз елге айналды.
«Министрлік педагогтің үздіксіз кәсіби даму процесі ретінде біліктілікті арттыру парадигмасын қайта қарады. Барлық рәсім «Ұстаз» ұлттық платформасында автоматтандырылған. Биыл алғаш рет платформада 88 мыңнан астам модератор мен сарапшыны аттестаттаудан өткізу жоспарлануда», - деді министр.
2024 жылы бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болды. Бұл - еліміздің педагогтерінің еңбегіне Президент тарапынан берілген жоғары баға мен құрмет, артылған зор сенім.
Сонымен қатар министр «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын бұзу фактілеріне алаңдаушылық білдірді.
«Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер заң  бұзушылықтардың 120 жағдайын тіркеді. Атап айтқанда, Семей қаласында мұғалімдерді тиесілі емес функцияларға тарту соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырды. Өңірлердің басшылығын заңды қатаң сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамын», – деді Ғани Бейсембаев.
Елімізде 7 мыңнан астам мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. 2023 жылдан бастап жаңа форматтағы басқарушыларды даярлау үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы іске асырылуда. Қазірдің өзінде республикалық кадр резервіне 583 кандидат алынды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің басты міндеті болып қала береді. 2024 жылы заңға кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін және отбасын қолдауға бағытталған түзетулер енгізілді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілеттіктері кеңейтілді. Биылғы жылдың қаңтар айында БҰҰ-да Қазақстанның осы саладағы реформалары жоғары бағаға ие болды.  
«Біз инклюзивті және арнайы білім беруді дамытуды жалғастырамыз. 2025 жылға қарай психологиялық-педагогикалық қолдауға 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық орталығы мен Ұлттық инклюзивті білім беру орталығын трансформациялау басталды. Қазан айында Қазақстан алғаш рет Инклюзия бойынша дүниежүзілік конгресті қабылдайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Білім беру сапасындағы алшақтықты азайту үшін қалалық және ауылдық мектептер арасында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске асырылуда. Ол материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған.
«2024 жыл білім беру инфрақұрылымы үшін маңызды кезең болды. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет мектептердің рекордтық саны салынды. 2023 жылы 165 мектеп қолданысқа берілді, 2024 жылы 257 мектеп бой көтерді, оның 105-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Оларды тиімді басқару үшін Министрлік бірыңғай жүйе әзірледі», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Процестерді цифрландыру және автоматтандыру қазіргі білім беру ортасының маңызды бөлігі болып табылады. Министрлік «SMART ОҚУ АҒАРТУ» жобасын іске қосты. Ол цифрлық білім берудің бірыңғай экожүйесін құрып, оқытудың сапасын арттырады, оқыту процестерінің барлық қатысушылары үшін білім беру ресурстары мен қызметтеріне қолжетімділікті жеңілдетеді.
Starlink терминалдарын енгізу есебінен сапалы интернет тартылған мектептердің үлесі 2022 жылғы 19%-дан 2024 жылы 95%-ға дейін, яғни 3 есеге ұлғайды.
«Жыл басынан бері мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыруды өңірлерге таратуға кірістік.  Білім басқармаларының басшылары өңірде ваучерлік қаржыландыруды уақытылы әрі сапалы енгізу үшін жағдай жасауы қажет. Ұлттық білім беру дерекқорымен интеграциялау қаржыландырудың жаңа моделіне жылдам көшуді қамтамасыз етеді» - деді министр.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында техникалық және кәсіптік оқытуды трансформациялау міндетін қойды. Өткен жылдан бастап министрлік әкімдіктермен бірлесіп колледждерге толық инвентаризация жұмыстарын жүргізді. Өңірдің барлық индустриялық жобаларын, жұмыспен қамту карталарын ескере отырып, кадрларды даярлаудың бейіндік бағыттары айқындалды.
Сөз соңында министр азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауға тоқталды. Ол педагогтер үшін өздерінің құқытарының қорғалғанын, ал олардың қызметіне қатысты шешім қабылдауда объективтілік пен заңның сақталуы маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ алқа отырысында ғалымдар, педагогтер, ата-аналар, сараптамалық және бизнес-қоғамдастық өкілдері сөз сөйледі. Олардың қатарында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауымбай Қарамбаев, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар және т. б. бар.

]]>
admin76 Fri, 07 Feb 2025 10:35:20 +0600
«КӨКТЕМ-2025» https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/02/06/kktem-2025.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/02/06/kktem-2025.html «КӨКТЕМ-2025»  КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ]]> «КӨКТЕМ-2025»  КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласы білім басқармасының 04.02.2025 жылғы №10-10-015 хатының негізінде Р.Мырзашев атындағы №76негізгі  орта  мектебінде 2025 жылдың 
06 ақпанында сағат 11:00 -де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 03.02.2024 жылғы №21-03-04-043-И санды хатына сәйкес, «Көктем - 2025» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.  
]]>
admin76 Thu, 06 Feb 2025 10:10:46 +0600
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! https://76.shymkent-mektebi.kz/2024/12/05/ttytajmyz.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2024/12/05/ttytajmyz.html ]]> ]]> admin76 Thu, 05 Dec 2024 10:31:28 +0600 «Салауатты өмір салты» https://76.shymkent-mektebi.kz/2024/11/29/salauatty-mr-salty.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2024/11/29/salauatty-mr-salty.html Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" іс-шара жоспары]]> Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" іс-шара жоспары
  Р. Мырзашев  атындағы  негізгі  орта  мектебінде  2024 жылдың  27 қараша күні  7-8-9  сынып  қыз балалардың денсаулығы мен болашағына арналған «Салауатты  өмір салты» және «Ерте жүктіліктің алдын алу» мақсатында  жасөспірімдер гигиенасы  туралы  маңызды шара өткізілді. Жоғары сынып оқушыларына арнайы дәріс оқу үшін тәжірибелі гинеколог пен психолог шақыртылды. ШЖҚ «11 қалалық емхана»Гинеколог-Аманова Нургул Нуркеновна ,Психолог- Кемелбекова Акжаркын
   Шара барысында қыз балаларға ерте жүктіліктің алдын алу, жеке гигиена, өз-өзіне деген жауапкершілік және жасөспірімдік кезеңдегі физикалық, психологиялық  өзгерістер туралы маңызды ақпарат берілді. Сондай-ақ, өз денсаулығын қорғаудың маңызы мен дұрыс шешім қабылдаудың жолдары талқыланды.
    Мұндай дәрістер оқушылардың саналы және салауатты өмір салтын қалыптастыруына, болашақ өміріне жауапкершілікпен қарауына септігін тигізеді. Біз балаларымыздың жарқын болашағы үшін осындай маңызды тақырыптарды  талқылауды  жалғастырамыз.
Балаларымыздың денсаулығы мен амандығы – бәріміз үшін басты құндылық!"
]]>
admin76 Fri, 29 Nov 2024 13:40:46 +0600
ХАТТАМА №33008 https://76.shymkent-mektebi.kz/2024/11/29/hattama-33008.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2024/11/29/hattama-33008.html ]]> ]]> admin76 Fri, 29 Nov 2024 12:09:00 +0600 «Біртұтас тәрбие» https://76.shymkent-mektebi.kz/2024/11/27/brttas-trbie.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2024/11/27/brttas-trbie.html ]]> Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 26 қараша күні 7-8-9 сынып оқушыларына арналған «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (ДТЖЖО) және мектеп психологтарының бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
Бұл іс-шара оқушыларға заманауи алаяқтық түрлерін таныстыру және одан сақтану жолдарын үйретуге бағытталды. Іс барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, интерактивті сұрақ-жауап әдістері қолданылды. Оқушыларға қажетті ақпарат пен кеңестер беріліп, өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.

]]>
admin76 Wed, 27 Nov 2024 12:23:24 +0600