«№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ https://76.shymkent-mektebi.kz/ ru «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ DataLife Engine Цифрлық әлемге қадам! https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/09/cifrly-lemge-adam.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/09/cifrly-lemge-adam.html «Цифрлық әлем» бағыты аясында оқушыларға сынып сағаттары өткізілді.]]> Цифрлық әлемге қадам! 
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде
«Цифрлық әлем» бағыты аясында оқушыларға сынып сағаттары өткізілді.
   Сабақ барысында оқушылар заманауи технологиялармен танысып,
робототехника бойынша өз білімдерін жетілдірді.
Сабақты Тасполатов Максат Каржаубаевич жүргізіп, оқушылардың технологиялық сауаттылығын арттыруға үлес қосты.
Балалардың қызығушылығын арттырып, болашаққа деген сенімін нығайтатын
танымды әрі пайдалы сабақ болды!
]]>
admin76 Tue, 09 Dec 2025 15:58:49 +0600
«Кибербуллинг: балалар әлеуметтік желіде қауіпсіз бе?» https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/08/kiberbulling-balalar-leumettk-zhelde-aupsz-be.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/08/kiberbulling-balalar-leumettk-zhelde-aupsz-be.html Балалардың онлайн кеңістікте өздерін сенімді әрі қауіпсіз сезінуі — бәріміздің басты міндетіміз!]]> «Кибербуллинг: балалар әлеуметтік желіде қауіпсіз бе?»
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде 7-сынып оқушылары арасында кибербуллингтің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Бүгінгі цифрлық дәуірде әрбір баланың әлеуметтік желіні қауіпсіз пайдалана білуі — маңызды талап. Сабақ барысында оқушыларға:
 • Кибербуллингтің түрлері;
 • Әлеуметтік желідегі жеке ақпаратты қорғау жолдары;
 • Қауіпті хабарламалар мен бейтаныс адамдардан келетін ұсыныстардан сақтану;
 • Қиын жағдай туындағанда кімге хабарласу керектігі туралы толық ақпарат берілді.
Шараның мақсаты — оқушылардың интернеттегі мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету және кибербуллингке қарсы саналы көзқарас қалыптастыру.
Балалардың онлайн кеңістікте өздерін сенімді әрі қауіпсіз сезінуі — бәріміздің басты міндетіміз!
]]>
admin76 Mon, 08 Dec 2025 16:38:40 +0600
Қауіпсіздік ережесін сақтау — жарақаттанудың алдын алудың ең тиімді жолы! https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/08/aupszdk-erezhesn-satau-zharaattanudy-aldyn-aludy-e-timd-zholy.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/08/aupszdk-erezhesn-satau-zharaattanudy-aldyn-aludy-e-timd-zholy.html Құрметті оқушылар!
Пиротехникалық бұйымдар (петарда, фейерверк, шу зымыраны) — ойыншық емес!
Дұрыс пайдаланбаған жағдайда өте қауіпті.
]]>
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде
Жаңа жылдық мереке қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында полиция қызметкері Ж.Қуатбеков  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Құрметті оқушылар!
Пиротехникалық бұйымдар (петарда, фейерверк, шу зымыраны) — ойыншық емес!
Дұрыс пайдаланбаған жағдайда өте қауіпті.
Қандай қауіп төндіреді?
🔥 Қол мен терінің күйіп қалуына, ауыр жарақатқа әкеледі
👁 Көру қабілетіне зиян келтіреді
👂 Қатты дыбыстан есту қабілеті нашарлайды
🧨 Дұрыс жанбаған жағдайда қолға жарылып кетуі мүмкін
🏠 Өрт шығарып, мүлікке зиян келтіріледі
🚑 Адам өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін
📌 Есте сақта!
• Пиротехниканы тек ересектер ғана қолдануы тиіс
• Базардан, белгісіз сатушылардан пиротехника сатып алу өте қауіпті
• Петарданы қалтада, мектеп аумағына алып жүру қатаң тыйым салынады
• Адамдарға қарай жару — заң бұзушылық!
🔔 Өзіңді және достарыңды қорға!
Қауіпсіздік ережесін сақтау — жарақаттанудың алдын алудың ең тиімді жолы!
]]>
admin76 Mon, 08 Dec 2025 16:16:49 +0600
«Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/08/yntyma-zhrgen-zherde-yrys-brge-zhred.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/08/yntyma-zhrgen-zherde-yrys-brge-zhred.html Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-9 сынып оқушылары арасында түрлі бағыттағы тәрбиелік шаралар өткізілді.
]]>
Желтоқсан – Бірлік және ынтымақ айы
2-апта дәйексөзі:
✨ «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» ✨
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-9 сынып оқушылары арасында түрлі бағыттағы тәрбиелік шаралар өткізілді.
📌 «ДОСБОЛLIKE»
📌 «Өзім үшін де, өзгелер үшін де жауаптымын!»
(Буллингтің алдын алу тақырыбындағы сынып сағаттары) " Халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлының туылғанына 115жыл"тақырыбында сынып сағаттар өткізілді  
Сонымен қатар, оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
🛡 ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫ ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл шаралардың мақсаты — оқушылар арасында достықты нығайту, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын жетілдіру.
]]>
admin76 Mon, 08 Dec 2025 16:10:26 +0600
МЕКТЕБІМІЗДІҢ МЕРЕЙІН ӨСІРГЕН ОҚУШЫЛАР https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/05/mektebmzd-merejn-srgen-oushylar.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/05/mektebmzd-merejn-srgen-oushylar.html Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен нәтиже көрсеткен оқушылар:]]> МЕКТЕБІМІЗДІҢ МЕРЕЙІН ӨСІРГЕН ОҚУШЫЛАР ✨
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен нәтиже көрсеткен оқушылар:
7 сыныптар бойынша:
* Көшербек Қайсар математика пәнінен 3 орын 
Жетекшісі: Бөріханова Р.А
* Балтабай Баян биология пәнінен 3 орын
Жетекшісі: Осаева Г.Е
8 сыныптар бойынша:
* Ілияс Әмина ағылшын тілі пәнінен 2 орын
Жетекшісі: Нуржанова Г.Б
* Амирхан Диана математика пәнінен 2 орын
Жетекшісі: Есенкулова Г.А
* Абдулвахид Али биология пәнінен 2 орын
Жетекшісі: Көшер Б.Қ
* Меирбек Аяла география пәнінен 2 орын
Жетекшісі: Хидыярова И.Р
* Көшербек Тимур Қазақстан тарихы пәнінен 3 орын
Жетекшісі: Умиртаева Ж.Т
Құттықтаймыз!!!
]]>
admin76 Fri, 05 Dec 2025 16:21:11 +0600
“Есірткі – ғасыр дерті”, https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/03/esrtk-asyr-dert.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/03/esrtk-asyr-dert.html “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
“Есірткі – ғасыр дерті”, “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
]]>
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі
8 "Б" сынып оқушылары
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
“Есірткі – ғасыр дерті”, “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, қоғамға және адам денсаулығына тигізер зардабын түсіндіру.
Іс-шара барысында:
• Есірткінің таралу себептері
• Адам денсаулығына әсері
• Қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараға мектеп тәлімгері Ә.Әлімбекқызы және медбике Е.Курбонова қатысты.
]]>
admin76 Wed, 03 Dec 2025 16:26:03 +0600
«Ерлік- елдің қасиеті, жүректілік- жігіттің қасиеті» https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/01/erlk-eld-asiet-zhrektlk-zhgtt-asiet.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/12/01/erlk-eld-asiet-zhrektlk-zhgtt-asiet.html ]]> Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп кітапханасы  «Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы бойынша «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында Бауыржан Момышұлының туғанына - 115 жыл толуына орай «Ерлік- елдің қасиеті, жүректілік- жігіттің қасиеті» тақырыбында мектеп кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана меңгерушісі Б. Момышұлының шығармаларына библиографиялық шолу жасады. 
      Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты патриоттық, отансүйгіштікке баулу. 
]]>
admin76 Mon, 01 Dec 2025 16:31:47 +0600
«Қамқор» https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/11/10/amor.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/11/10/amor.html ]]> Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие тұжырымдамасы және «Қамқор» жобасы аясында «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында түскен қаражат жағдайы төмен отбасындағы оқушыларға қолдау көрсету мақсатында жұмсалды.
Жиналған қаражатқа мектеп тарапынан оқушыларға қыстық сырт киімдер мен аяқ киімдер алынып, табысталды. Бұл шара оқушылардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оларға қолдау көрсету, мейірімділікке баулу және өзара қамқорлық сезімін қалыптастыруды басты мақсат етті.
Іс-шараға атсалысқан ата-аналарға, ұстаздарға және оқушыларға алғыс білдіреміз. Бірлік бар жерде — береке бар.
]]>
admin76 Mon, 10 Nov 2025 18:16:12 +0600
БАҚЫТТЫ БАЛА -БАҚЫТТЫ ОТБАСЫДАН ӨСЕДІ! https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/11/04/baytty-bala-baytty-otbasydan-sed.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/11/04/baytty-bala-baytty-otbasydan-sed.html ]]> Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы N76 негізгі орта мектебінің ДТЖЖО Сейдимбекова К.И. 03.11.2025 ж білім басқармасының хаты негізінде ата-аналар жиналысын ұйымдастырып, ата-аналарға нұсқаулықпен таныстырып түсіндірме жұмысын жүргізді.  Ата-аналар жиналысында оқушылардың тәртіп мәдениетін нығайту, ата-ананың жауапкершілігін арттыру және мектеп пен отбасының өзара байланысын күшейту керектігін айтып өтті. 
      Педагог-психологы Мизанова Самал Аманкельдиевна ата-аналарға “Мектеп пен ата-ана байланысын нығайту”, “Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас” сауалнамасын алып, “Баланың жан-жақты дамуы-ата-ананың қолдауынан басталады” ата-аналарға арналған психологиялық кеңес берді.
Қорытынды: Әр бала -қайталанбас тұлға. Оның дамуы үшін махаббат, түсіністік және қолдау қажет. Бала тәрбиесі-үздіксіз процесс, сондықтан әр қадамыңызға жауапкершілікпен қараңыз. БАҚЫТТЫ БАЛА -БАҚЫТТЫ ОТБАСЫДАН ӨСЕДІ!
]]>
admin76 Tue, 04 Nov 2025 18:22:14 +0600
«ТАЗА ЕЛ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!» https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/10/15/taza-el-zharyn-bolasha.html https://76.shymkent-mektebi.kz/2025/10/15/taza-el-zharyn-bolasha.html Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің ұстаздары мен қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысуда. ]]> Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің ұстаздары мен қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысуда. 
Мектеп ұжымы әр сенбі сайын дәстүрлі түрде сенбілік ұйымдастырып, мектеп аумағын қоқыстан тазартып, күзгі жапырақтарды жинап, бұтақтарды кесіп, жасыл аймақты күтіп-баптауға зор үлес қосып келеді. 
Бұл игі іс – табиғатқа деген жанашырлықтың, экологиялық тәрбие мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. 
]]>
admin76 Wed, 15 Oct 2025 11:13:00 +0600