Ата-аналар міндеттері
Ата-аналар міндеттері
1. Балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуға, азаматтық тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз етуге, білім мен тәрбие сапасын жақсартуға үлес қосуға, баланың сабақтан тыс мезгілдегі тәртібін жеке жауапкершілікке алуға;
2. Өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге міндетті(Бала құқықтары туралы Конвенциясының 27 бабының 2-тармақшасы);
3. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін мойындауға; (Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-тармақшасы);
4. «Баланы тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдауға, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге»(Қазақстан Республикасы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 24- бабының 2-тармақшасы);
5. Балаға алкогольді ішімдіктерді, темекіні және темекі бұйымдарын сатуға және пайдалануға тыйым салуға; (Қазақстан Республикасы «Балалар құқықтары туралы» Заңының 37- бабының 2-тармақшасы);
6. Білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының 2-тармағы, 3-тармақшасы);
7. Балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті(Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының 2-тармағы, 4-тармақшасы);
8. Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 49-бабының 2-тармағы, 7-тармақшасы);
9. Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға, күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстыруға, сондай-ақ кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға;
10. Сабақ уақытында ұялы телефон, смартфон, планшет ұстатпауға;
11. Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігінің жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауына алуға, балаға толық жауапкершілікті өз мойнына алуға;
12. Баланың мектептен тыс мезгілде бейәдеп, теріс қылықтарына, өмірінің қауіпсіздігіне жеке жауапты екенін сезінуге;
13. Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігіне және ата-аналық міндетіне лайық еместігін сезінуге;
14. Баланың кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;
15. Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға;
16. Баланың өз бетімен балық аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға;
17. Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;
18. Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне, пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде, тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге;
19. Балаларының мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б), ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
20. Балаларының мектеп ішінде ұлтаралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;
21. Балаларының мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
22. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы №26 бұйрығының 2-тармағының 13-тармақшасында «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез-келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б.) және кез-келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған», осы бұйрықты ата-аналар орындауға міндетті;
23. Мектеп оқушылары мектеп қабырғасында шаш үлгілері мектеп оқушыларына сай үлгіде болуын қадағалауға; ұл балалардың мектеп формасы қара көк түсті пиджак, жилет, шалбар, ақ көйлек киіп баруын қадағалауға;мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер кепка, тақия, бөрік т.с.с. бас киімдер киіп сабаққа бармауын қадағалауға;ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұратын шалбар киіп сабаққа баруын қадағалауға;қыз балалардың мектеп формасы қара көк түсті пиджак, жилет, юбка, ақ көйлек, ақ бантикпен сабаққа баруын қадағалауға;мектеп ішінде бастарына әртүрлі үлгідегі бас киімдер орамал, кимешек, т.с.с. бас киімдер киіп сабаққа бармауын қадағалауға;қыз балалар сабаққа бас киімсіз шаштарына ақ бантик тағып баруға;қыздарға арналған юбкалар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тізені жауып тұратын болуын қадағалауға;ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюммен, спорттық шалбармен, футболкамен, споттық аяқ киіммен (кроссовка, кеда) дене шынықтыру сабағына баруын қадағалауға.