19
қазан
2019
"Отбасы бақыт мекені"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде "Отбасы бақыт мекені"атты іс-шара өткен болатын.Іс-шараға мәдениет,өнер,спорт салаларының өкілдері қонақ ретінде шақырылды.Ол кісілердің үлгі боларлықтай өмір тарихы, есте қаларлықтай әңгімелері іс-шараның көркін жандандыра түсті.Біздің мектебімізбен тығыз байланыста Оңтүстік Қазақстан газетінің тілшісі Лаура Қалшабекқызыда осы іс шараға қатысып,өз ойын білдіріп өткен еді.Өз пікірінде іс-шараның мазмұндылығы ұнағанын айтқан болатын.Сол себепті Оңтүстік Қазақстан газетінің №142 санында қыркүйектің 24-ші жұлдызында "Отбасы бақыт мекені"атты мақала жариялағанды жөн көріпті.Алаш қайраткері А.Байтұрсынов "Газет -халықтың көзі,құлағы,һәм тілі" деп айтқандай,Оңтүстік Қазақстан газетінің ұжымына газетпен тілдесетін оқырмандарыңыз көп бола берсін дегіміз келеді.