«ОТБАСЫ-ТӘРБИЕНІҢ БАСТЫ ҰЯСЫ» жалпы ата-аналар жиналысы » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ОТБАСЫ-ТӘРБИЕНІҢ БАСТЫ ҰЯСЫ» жалпы ата-аналар жиналысы
28
қазан
2019

«ОТБАСЫ-ТӘРБИЕНІҢ БАСТЫ ҰЯСЫ» жалпы ата-аналар жиналысы

№1 хаттама

Өткізілген күні:22.10.2019ж

Уақыты:1700

Тақырыбы: «ОТБАСЫ-ТӘРБИЕНІҢ БАСТЫ ҰЯСЫ»

Мақсаты: Отбасы тәлім - тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата - аналар ынтымақтастығын күшейту
 Мектеп пен ата - ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын айтуға үйрету, жауап беру қабілеттерін дамыту.

Міндеті:

1.Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.

2.Ата-ананың оқу тәрбие саласындағы рөлі.

3.Алдағы уақытта «Үштік одақ»,яғни «ата-ана-оқушы-мұғалім»бірігіп, ынтымақтастықта жұмыс жасау

Күн тәртібінде:

1. Мектептің ішкі тәртібі,ережелері

2.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

3.«Мектепке жол» акциясы

4. Құқық бұзушылықтың алдын-алу,жол қауіпсіздік ережелері

5. Девиантты мінез-құлқы бар оқушылармен жұмыс жоспары

6. 2019-2020 оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау

Тыңдалды:

Мектеп директоры А.Ж.Тажен ата-аналардыжаңа 2019-2020 оқу жылымен құттықтап  мектеп пен ата-ана  арасындағы  байланысқа тоқталып, күн тәртібімен таныстырып, жиналысты ашты.

Тыңдалды:

ДОЖЖО: Ж.С.Отинбаева күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңінен түсіндіріп өтті.Өз кезегінде Құрметті ата-аналар,қонақтар!Жел бесіктен,жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп.Болашақ десек те,келешек десек те бала-ұрпақ деген мағынаны білдіреді.Сол болашақ ұрпақтың жас шыбықша жайқалып өсуіне мұрындық болатын біздер мен сіздерсіздер.Бауыржан Момышұлы атамыз«Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды»,деп айтқанындай мектептің ішкі тәртібі мен ережелерін әр оқушы сақтап,өзге оқушыға үлгі-өнеге бола білсе сапалы білім алары сөзсіз еді.

Тыңдалды:

ДТЖЖО: Г.Е.Шынтаева Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында«Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанныңтұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»дей келе«Білім саласына»көп көңіл бөлгендігін атап өтті.Мектептегі оқулықтардың сапасы,мектеп мұғалімдерінің айлық жалақысы және басқа да түйінді мәселелерге тоқталып өтті.Ғылым саласындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді.Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз,-деді өз сөзінде Президент.

Тыңдалды:

Әлеуметтік педагог:Н.А.Конырбаев күн тәртібіндегі мәселе;Жалпы оқу шараларын орындау «Мектепке жол»акциясының қорытындысы жайлы нақты айтып өтті.Жетім,жартылай жетім,көп балалы,аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды мектепке дайындау мақсатында демеушілерге «Мектепке жол»акциясы бойынша хаттар жолданып тұрмысы төмен 17 оқушының тізімі жасалынып 150.000 теңгеге мектеп формасыменқамтамасыз етілгендігін айтты.Сонымен қатар Әл-Фараби аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен Наурыз алаңында тұрмысы төмен көп балалы,аз қамтылған,жартылай жетім 10 оқушының тізімі жасалынып мектепке қажетті кеңсе заттарымен,сөмке табысталды.«Міндетті білім қоры» есебінен жетім,жартылай жетім,көп балалы,аз қамтылған отбасынан шыққан 65 ата-ананың есеп шотына 15 000 теңгеден жалпы сомасы 975.000 теңге аударылды.

Тыңдалды:

ДТЖЖО Т.Ә.Жүніс өз кезегінде сөз алып ата-аналарды Кәмелетке толмағандар,мектеп жасындағы балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет екендігін айтып өтті.Мектепте оқу жылының басынан бері өткізіліп келе жатқан іс-шараларға тоқталды.Жаңа оқу жылы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ»тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.04.09-20.09 аралығында «Абайлаңыз балалар»айлығы өтілді.06.-14 қыркүйек аралығында «Отбасы-бақыт мекені»республикалық апталық аясында көптеген іс-шаралар өткізілді. 12.09-14.10 ж аралығында «Қылмыссыз балалық шақ» айлығы өтілді.

Тыңдалды:Мектеп психологы С.Мизанова  девиантты мінез-құлық жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс әрекет,осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары;қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқының айтылатынын таныстырды.Ата-аналарға «Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру»жаттығуын орындатты.

Тыңдалды:

Мектеп директоры А.Ж.Тажен сөз алып күн тәртібіне қойылған өзекті мәселенің бірі ата-ана комитетінің төрағасын қайта сайлау керектігін айтып өтті.

Ата-ана комитетінің төрағасы болып Қалдаров Б.С дауыс беру нәтижесінде қайта сайланды.

Ата-ана комитетінің құрамына төмендегі мүшелері бекітілді


р/с 

Аты-жөні

Жұмыс орны

Мекен-жайы

Ұялы телефоны

1

Алибекова Айнұр 

№35 балабақша 

Ынтымақ №4

87783804152

2

Дүйсекова Бақыткул


Жеке кәсіпкер

Өндіріс н/ү


3

Шатаева Динара


тігінші

Жаңа құрылыс 199/1

87056432002

4

Оспанова Аймереке


тігінші

Қонаев №16

87052769520

5

Қырықбаев Қуаныш


Жеке кәсіпкер

Ж.Жабаев №1

87021960905

6

Қаржаубаева Роза


жұмыссыз

Ғ.Мұратбаев н/ү

87074092419

7

Мұрат Гүлнұр

«Самұрық сервис компания» Аспазшы

Жаңақұрылыс №110

87767411520



 Құрметті ата-аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік-дөрекілікке,қайырымдылық-қатігездікке,парасаттылық-парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үмітім бар. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.


Қаулы:

1. 2019-2020 оқу жылына ата-аналар комитеті сайланды.



                       Мектеп директоры                                         А.Ж.Тажен


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив