18
қараша
2019
"Ел еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға" көрмесі
Білім басқармасы әдістемелік орталығының "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру және тұлғаны әлеуметтендіру" бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес "1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін" өткізу негізінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №76 Рысбек Мырзашев атындағы негізгі орта мектеп кітапханасы "Ел еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға" атты тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен саясатқа келу тарихы, сонымен қатар, дәйексөздері мен кітаптары қойылып, шетел президенттерінің Елбасымыз жайлы айтқан жылы лебіздері әңгімеленді. Ұсынылған көрмеден оқушылар Тұңғыш Президентіміз туралы құнды ақпараттар алып, тарқасты.
#шымкентқаласыбілімбасқармасы
#76мектеп
#кітапхана
#1желтоқсан
#президенткүні
#шымкентқаласыбілімбасқармасы
#76мектеп
#кітапхана
#1желтоқсан
#президенткүні