17
қаңтар
2020
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс»
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп әкімшілігі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2020 жыл 14 қаңтар №1-2-1/315,қалалық білім басқармасының №10-12-12/154/7 16.01.2020ж хаттамалы тапсырмалар негізінде 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 10/00 де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен барлық орта білім беру мекемелерінде бірыңғай «Адалдық сағаттары» республикалық акциясы бойынша іс-шара ұйымдастырылды . «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» атты іс-шараға Шымкент қаласы әкім аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Жанадилов Талғат Оразбекұлы,қамқоршылық кеңесінің мүшесі Юсупбаев Жақсылық Шорабекович, Нұр Отан партиясының мүшесі Алимбаева Гулмира Сейсеновна қатысты.Сонымен қатар іс-шараға мектеп директоры Абдіхалық Жақсылықұлы Тажен,оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.С.Отинбаева,директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Т.Ә.Жүніс,Г.Е.Шынтаева ,пед ұйымдастырушы Д.И.Ердалиева және 8-9 сынып оқушылары қатысып отырды. Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы бейне роликтер мен слайдтар көрсетілді.Іс-шараға қатысқан мамандар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»туралы оқушыларға кеңінен мағлұмат берді.Іс-шара аясында оқушылар арасында пікірталас болды.