21
қаңтар
2021
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде I жарты жылдық бойынша жалпы ата аналар жиналысы мен қамқоршылық кеңесіне мектеп әкімшілігі есеп берді
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде I жарты жылдық бойынша жалпы ата аналар жиналысы мен қамқоршылық кеңесіне мектеп әкімшілігінің есеп беру жиналысы ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде:
I.Оқу,білім үдерісі бойынша:
-штаттық режимде білім алатын "Кезекші"сыныптар
-мектеп педагогтары мен білім алушылардың жетістіктері
-білім алушылардың білім сапасының мониторингі
-штаттық режимде оқыту үшін сыныптарда санитарлық талаптардың сақталуы
II.Тәрбие үдерісі бойынша:
-Оқу-тәрбие процесіндегі ұйымдастырылған іс-шаралар
-"Әкелер кеңесі"жобасы
-"Оқуға құштар мектеп"жобасы
-Аз қамтылған білім алушыларға берілген көмек реті
III.Мектеп үшін игерілген қаражат есебі
Күн тәртібіндегі мәселелерді жауапты мамандар қамти келе,ата аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мектеп психологы Самал Амангелдіқызы "Отбасылық социограмма"әдісін ата-аналарға қашықтықтан жүргізе отырып,бала тәрбиесіндегі ата-ананың басты рөлін айтып өтті.
Күн тәртібінің өзекті мәселелерінің бірі "Әкелер кеңесі" жобасы.
Әкелер кеңесін құрудың мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.
Жалпы ата-аналар жиналысына қамқоршылық кеңесінің төрайымы және ата-аналар комитетінің төрағасы қатысып мектеп үшін жасалынып отырған игі істерге тоқталып өтті.Жиналысқа қатысқан ата-аналарда өз алғыстарын білдірді.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ата-анамен мұғалім күш біріктіре отырып,жүйелі жұмыс жасаса нәтижиесі де керемет болмақ!