07
ақпан
2021
"Өзін -өзі тану сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы"
Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің химия-биология және өзін -өзі тану бірлестігінің "Өзін -өзі тану сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік апталығының ашылуы өтті.
Іс-шараның мақсаты
Оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін -өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту.
Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу. Кеш барысында "Адамның тыныс алу жүйесімен" таныстыру туралы бейне материал көрсетілді.
Сонымен қатар 8 сынып оқушылары "Қызықты химия" атты тәжірибесін ұсынды. Химия пәнінің мұғалімі Темірхан Сейілбек "Жанбайтын орамал" тәжірибесін көрермендер назарына ұсынды