"Қамқоршылық кеңесінің" отырысы » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сәуір
2021

"Қамқоршылық кеңесінің" отырысы

Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің қамқоршылық және әдеп кеңесінің отырысы zoom платформасында өтті.
Күн тәртібінде:
1.Қамқоршылық кеңесінің төрайым немесе төрағасын қайта сайлау және бекіту туралы
2.Қамқоршылық кеңесінің құрылу ережелерімен таныстыру.
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Ж.Тажен сөз алып, биылғы жаңа оқу жылына бекітілген жоспардың мазмұнымен таныстырды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы үш жылдық мерзімге сайланатынын және мерзім уақыты аяқталған соң қайта сайлану керектігі айтылды және слайд көрсетіліп түсіндірілді.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің лауазымдық міндеттері,жүктемелері айтылып,ескертілді.
Жиналысқа қатысушылардың ұсыныс,ой пікірімен қамқоршылық кеңесі мүшелеріне өзгеріс енгізу керектігі айтылды.
 Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің құрылу ережелерімен таныстырылды.
Биылғы жаңа оқу жылынан бастап ата-ана мен білім беру орталығының арасындағы келісімшарт туралы айтылды. Онда келісім шарттың әр пунктіне мән беріліп, ата-ана тарапынан және мектеп тарапынан негізге алынатын талаптары талқыланды. 
Мектеп қорынан міндеттелген ыстық тамақ мәселесі сөз болды.
Қалалық білім басқармасының  01.03.21жылғы №135 бұйрығына сәйкес мектеп ішілік ата-аналар қамқоршылық ұйымының мүшелері тағайындалды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив