Оқушылар арасындағы мектеп президенті
Дебат және Өзін-өзі басқару ұйымының фракция басшысына үміткер 8 “Ә” сынып оқушысы Сойырқазы Маржан Ибрагимқызы сайлау нәтижесі барысында басым дауыс жинап, комиссия шешімімен фракция басшысы болып тағайындалды. Өзін-өзі басқару ұйымының фракция басшысы Сойырқазы Маржан Ибрагимқызын мектеп директоры А.Ж.Тажен құттықтап, алдағы уақытта мектептің атын шығаруға және іс-шараларға белсенділік танытанына сенім артатынын айтып өтті.