«Оқуға құштар мектеп» » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қыркүйек
2021

«Оқуға құштар мектеп»

“2021-2022 оқу  жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы”
Әдістемелік нұсқау хат негізінде Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп кітапханасы жұмыс жасауда.
2021-2022 оқу жылында кітап оқуды қолдау және кітаптың мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы  енгізіліп отыр.
Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас және әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті деңгейін және білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруға, оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын жалғастыруға және бірыңғай оқырмандар қауымдастығын қалыптастыру бойынша жобаны іске асыру үшін іс-шараларға ата-аналарды тартуға бағытталған. Осы орайда, 2020-2021 жылдары жарық көрген балалар әдебиетінің үздік шығармалар топтамасын ұсынамыз. Үздік кітаптар ондығында: 
1. А.Гриннің «Алқызыл желкендер.Хикаят. Толқын перісі» кітабы;
2. Дж.Свифт «Гулливердің саяхаттары» кітабы;
3. В.А.Обручевтің «Жұмбақ жер» кітабы;
4. Эрих Распенің «Мюнхгаузеннің хикаялары» кітабы;
5. А.Линдгреннің «Ұзыншұлық Пиппи» хикаялары;
6. «Қазақ халық ертегілері» жинағы;
7. Ә.Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері»;
8. Т.Көзікоғлудың «Арман керек адамға» еңбегі;
9. М.Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» кітабы;
10. Б.Әлімжановтың «Өлең-Әліппе» жинағы енді. Аталған кітаптардың электрондық сілтемелерін ұсынамыз.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив