08
қазан
2021
«Ата-анаға және ұстазға құрмет»
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі,кәмелетке толмағандар арасындағы және толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтың ,аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында жарияланған 1-айлық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында оқушылар арасында мектептің «Өзін-өзі» басқару және «Адал ұрпақ» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ата-анаға және ұстазға құрмет» тақыбында пікір талас өткізілді,пікір талас барысында ата-аналар және ұстаздарға арналған видеороликтер оқушыларға көрсетілді.
Мақсаты: Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,ата-анаға,ұстазға деген құрметін арттыру.
Сонымен қатар мектеп инспекторы,оқушылар арасында әлімжеттік,құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ТЕДх-жобасы негізінде «Өзіңнен тәртіпті баста» атты тақырып аясында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.