"Көңілді START" » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Рысбек Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 50-58-99
Есепші бөлімі:
+7(701) 181-28-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
мамыр
2022

"Көңілді START"

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде Денсаулық күніне орай Дене шынықтыру бірлестігі "Көңілді START" спорттық жарыс ұйымдастырды.
Мақсаты:
1.Мұғалімдердің денсаулығын,белсенділігін нығайту. 
2.Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
3.Салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысты мектеп директоры  Тажен Әбдіхалық  Жақсылықұлы ашып берді. 
Ортаға мұғалімдерден құралған, 4 топ сайысқа түсті.
1-топ "Топжарған"
2-топ "Самғау"
3- топ "Достық"
4-топ "Бірлік "
Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
1.Эстафеталық жарыс
2.Паравоз жарысы
3.Таяқшамен эстафета
4.Тенис ракеткасымен эстафета
5.Кір тасын көтеру
6.Арқан тартыс
Жарыс өте тартысты өтті.Нәтижесінде 1-орынды "Достық", 2-орынды "Самғау", 
3-орынды "Бірлік" командалары иеленді. Белсенді қатысқаны үшін "Топжарған "командасы марапатталды.
Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш-қуатын өсіріп, олардың денсаулығының шыңдалуына ықпал етеді. Қатысушылар бүгінгі жарыстан керемет әсер алды. Жарысты ұйымдастырған дене шынықтыру бірлестігіне алғыс білдіре отырып,
алдағы уақытта баршаңызды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив