24
маусым
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!
Бүгінгі таңда мектептің қайнап жатқан тыныс-тіршілігін оқырманға әдемі етіп көрсетіп жүрген әлеуметтік желіге жауапты мамандардың да маңызы зор. Кейбір дереккөздерде мекеме жұмысының 20 пайызы тікелей сол баспасөз саласына жауапты маманға байланысты екендігі туралы жазылған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі ретінде белгіленген болатын. Осыған орай, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебіміздің әлеуметтік желіге жауапты маманымыз, математика және информатика пәнінің мұғалімі Есенкулова Гулсая Алимхановнаға мереке қарсаңында үлкен алғыс айтып, шығармашылық табыс тілейміз!