06
қаңтар
2023
2022-2023 оқу жылының І жартыжылдық Қамқоршылық кеңесіне есеп беру
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде қамқоршылық кеңесіне есеп беру отырысы өтті.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
- Мектептегі оқу-тәрбие процесі бойынша 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдық жұмыстарының қорытындысы
- "Оқуға құштар мектеп - оқыған мың кітап"
- 2022 жылғы бюджет есебі
- 2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығына алға қойылған жоспарлар
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы мен мүшелеріне мектеп әкімшілігі есеп бере отырып, алдағы уақытта алға қойылған жоспарларға тоқталып өтті.
Қамқоршылық кеңес соңында төмендегідей қаулы қабылданды:
— Мектептегі оқу-тәрбие процесі бойынша жартыжылдық жұмыстарының қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын;
—"Оқуға құштар мектеп - оқыған мың кітап" жобасы қанағаттанарлық деп табылсын;
—2022 жылдың бюджет есебі қанағаттанарлық деп табылсын;
—2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығына алға қойылған жоспарлар қанағаттанарлық деп табылсын.
Есеп беру отырысының соңында қамқоршылық кеңесінің төрайымы мен мүшелері мектеп әкімшілігінің атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.