20
қаңтар
2023
2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылында атқарылған жұмысына есеп беріп, алдағы міндеттерімен бөлісті.
Шымкент қаласы білім басқармасында 20.01.2023 ж. жалпы қалалық білім ұйымдарында тікелей басқарма басшысының төрағалығымен педагогикалық кеңес өтті. Шымкент қаласының барлық педагогтары мен қызметкерлері zoom платформасы арқылы ұйымдастырылған педкеңеске қатысты. Педагогикалық кеңес барысында білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылында атқарылған жұмысына есеп беріп, алдағы міндеттерімен бөлісті. Мектеп педагогтары қаланың бас ұстазын қолдайтынын және сенімін ақтайтынын жеткізді.