Семинарға 250 педагог мамандары қатысып, балалардың қауіпсіз және жайлы білім беру ортасы, физикалық, психикалық денсаулығы мен әл- ауқаты, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту бойынша жобалармен таныстырылды.
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде «Сапалы білім жобасы аясында «Оқу. Даму. Сабақтағы геймификация артықшылықтары» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті.
6-9 сынып оқушыларына “Буллинг”, “Кибербуллинг” тақырыбында алдын алу бойынша бейнекөрініс көрсетіліп, оқушылардың пікірлерін тыңдап, сергіту жаттығуын жүргізді.
№76 негізгі орта мектебінің педагог-психологтары Мизанова Самал Аманкелдіқызы, Ердалиева Динара Ибрахимқызы жоспар бойынша “Мұғалімдердің эмоционалды күйреу синдромы” тренинг сабақ өткізді.