2021 ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде денсаулық жағдайына байланысты үйде білім алатын оқушылармен және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қуанту мақсатында жаңа жылдық сыйлықтар үйлестірілді. Қайырымдылық – адамның көмекке шын мұқтаж жандарға қолұшын соза білетін ең асыл қасиеттерінің бірі. Себебі, айналасына мейірімділік таныту – адамгершіліктің белгісі. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп тегін айтпаса керек.