18
қараша
2019
«Темекінің адам өміріне зияны»тақырыбында іс-шара
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде "Салауатты өмір салтын сақтау"орталығынан мамандар келіп «Темекінің адам өміріне зияны»тақырыбында іс-шара өткізілді. СӨС орталығының маманы Жорабаев Алихан мырза Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет екендігін және зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттарға тәуелді болу адам өміріне қауіпті екендігін айтып өтті.
ЖИТС- орталығынан келген маман Жургенбаева Назира Ғасыр дерті жайлы түсіндіру жұмысын жүргізіп,оның сақтық шаралары жайлы айтып өтті. Соңында ұтымды ой айтып,баяндама оқып,темекінің зияндылығы жайлы көрініс қойылды. Белсенді қатысқан оқушыларға құнды сыйлықтар таратылып,марапатталды.