Қамқоршылық кеңесі хаттамасы
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Хаттама №2
Күні: 06.12.2019жҚатысқандар:8
Төрайымы: 1. Жақыпбекова Б.О.
Қатысқан мүшелері:
1.Дүйсекова Бақыткул Хансейтовна
2.Отарбаева Зибагүл Нұрманқызы
3.Қалымбетова Багила Ералиевна
4.Бегалиева Қызбала Медетовна
5.Сергулиева Бағила Дүйсенбековна
Қатыспаған мүшелері:
1.Юсупбаев Жақсылық Шорабекович
2.Шотаев Нұрлан Маратович
Күн тәртібі:
1. Жаңа жыл мерекелік іс-шараға театр шақыру туралы
2. Аз қамтылған,көп балалы,жартылай және толық жетім отбасыларға театр тарапынан жеңілдік жасау туралы
Тыңдалды:
1.Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Б.О.Жақыпбекова сөз алып келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Жаңа жылдық шыршаға Ж.Шанин атындағы театрдың әртістері келіп,оқушыларға мерекелік шыршаның жанданып өтуіне атсалысса қамқоршылық мүшелерінің қалай қарайтындығы жөнінде ой-пікірлерін сұрады.Қаламыздағы мектептерде ол кісілердің жасаған сценарийлері көңілден шыққандығын айтып өтті.
Тыңдалды:Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Дүйсекова Бақыткул Хансейтовна сөз алып,театр-мәдениет ошағы,һәм ұйытқысы,-демекші театрдың келуі оқушыларға үлкен әсер қалдырары сөзсіз,олардың ортасынан өнер әлеміне қызығатын,талпынатын табынушылары,олардың жолын қуғысы келетін өнер адамдары шығуы бек мүмкін екендігін мысал келтіре отырып театрдың келуіне қарсы еместігін айтып өтті.
Тыңдалды:Шанин атындағы театрдың мүшесі Баймбетова Хафиза апай сөз алып,барлық айтқан пікірлермен келісе отырып,балалардың көңілін көтеру мақсатында есте қаларлықтай ойын-күлкі сыйлайтындығына сендірді.Аз қамтылған,көп балалы,жартылай және толық жетім отбасыларға театр тарапынан жеңілдік жасау туралы ұсынысы бар екендігін айтып өтті. Белгіленген 3 сеансты 100.000 тг (жүз мың теңге)қаржыға ойнап берілетіндігі айтылды.
Жиналысқа келген қамқоршылық кеңесінің төрайымы Б.О.Жақыпбекова қарсы –қалыстың жоқ екендігін растау мақсатында барлығының ой-пікірі маңызды екендігін айтып өтті,барлық қамқоршылық кеңесінің мүшелері ақылы театрдың келетіндігіне қарсы еместіктерін білдірді.
Қаулы:
1. Жаңа жыл мерекелік іс-шараға Ж.Шанин атындағы ұжымның әртістері шақырылсын.
2. Сыныптардағы аз қамтылған,көп балалы,жартылай және толық жетім отбасыларға театр тарапынан жеңілдік жасалынсын.
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Б.О.Жақыпбеков
Хатшы: К.Бөрібек