22
сәуір
2022
" Балалар және театр"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Отинбаева Жазира Сайлауовнаның ұйымдастыруымен "Балалар жылына" орай 7 сынып білім алушыларын театр әлеміне тарту, " Балалар және театр" ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрына сынып жетекшілерімен және педагог ұйымдастырушы Жамал Шекермен бірге барып " Өлдік те, құрметті болдық!" комедиялық қойылымын тамашалап қайтты. Күнделікті күйбең тіршіліктің ағымында жүріп, ата-анасына жақсы көремін деп айту былай тұрсын, жиі кездесуге мұршасы жоқ перзенттер жайындағы танымдық комедия "қанша жерден жұмысбасты болсаң да, ата-ананың қадірін көзінің тірі кезінде біл " деген ойды жеткізген қойылым көрермендердің көңілінен шығып, әсер қалдыра алды. Қойылымнан соң білім алушылар алған әсерлерімен бөлісіп, алғысын білдірді.