Киелі жерге саяхат » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Основная средняя школа №76 имени Рысбека Мырзашева»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 50-58-99
Бухгалтерия
+7(701) 181-28-50
Версия для
слабовидящих
21
октябрь
2019

Киелі жерге саяхат


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №76 Р. Мырзашев атындағы негізгі орта мектептің оқушылары "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында туған өлкеміздің тарихын, шешіресін білу мақсатында 6-7 сыныптың 52 оқушысы, ата-аналарының келісімімен қасиетті Түркістандағы қожа Ахмет Яссауи кесенесіне саяхатқа барса, 5-7-8 сыныптың 36 оқушысы Домалақ Ана кесенесіне және Бәйдібек ауданындағы Кеңестөбе ауылынан 5 шақырым жердегі Ақмешіт үңгіріне саяхатқа барды.
 Саяхатқа шығар алдында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Мектеп директоры Тажен Абдыхалық Хорошийлықұлы оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап саяхаттың мақсатын оқушыларға түсіндіріп ақ жол тіліп ақ батасын берді. Оқушылар өз кезегінде мектеп директорына рахметтерін білдірді.
 Ақмешіт үңгіріне барған оқушыларға үңгір қатты әсер қалдырды.
 Үңгірге түсу тереңдігі 10-12 метр ол үшін темір баспалдақ орнатылған.Үңгірдің аузы 200 шаршы метрдей екен,іші 1гектарға жуық.Үңгір төбесінің биіктігі 32-35 метрдей,ұзындығы 162 метр,ені 64 метр.
 Үңгірдің ерекше бір қасиеті үңгірге түскен адамның тынысы кеңейіп,ерекше күшке ие болып,қан қысымы қалпына келеді екен.Адам теріс энергиядан арылып жеңілдеп қалады.
 Балалармен бірге болған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Жүніс,педагог-ұйымдастырушы Д.Ердалиева,әлеуметтік педагог Н. Қонырбаев мектеп мұғалімдері Ж. Умиртаева Ж.Сайдалиева,Ұ.Нахипова,Н.Таштаев оқушылардың алған әсерлерімен бөлісіп,естелік суреттерге түсті. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив