Тәрбиелеу – күрделі үрдіс. » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Основная средняя школа №76 имени Рысбека Мырзашева»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 50-58-99
Бухгалтерия
+7(701) 181-28-50
Версия для
слабовидящих
01
январь
2020

Тәрбиелеу – күрделі үрдіс.


Тәрбиелеу – ұйымдастырылған іс-әрекеті қарастырылған күрделі үрдіс.
 
      Мектептің тәрбие беру жүйесі – оқушылардың сабақ уақыты мен сабақтан тыс уақыттарын тиімді байланыстыру арқылы, олардың бойына рухани-адамгершілік, азаматтық, патриоттық т.б. құндылықтарға баулитын іс-әрекеттер жүйесі.
 
       Р.Мырзашев атындағы  №76 негізгі  орта мектебінің тәрбие  жүйесінің    нормативтік негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» ҚР Заңы, Бала құқықтарының Конвенциясы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңдары, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» және бірқатар әдістемелік-нұсқау хаттар мен ұсынымдар.
 
          Мектепте тәрбие үдерісіне қатысушылардың ережелері мен міндеттері бекітілген. Атап айтсақ, сынып жетекшілерінің жұмыс ережесі, нұсқаулығы мен қызметтік міндеттері, ата-аналар кеңесінің, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының, құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесініңжәне мектепішілік есепке қою ережелері.  Мектептің тәрбие жоспары сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің, оқушылардыңөзін-өзі басқару кеңесі мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының, әлеуметтік-психологиялық қызметінің жоспарлары, үйірмелер мен секция  жетекшілерінің күнтізбелік жоспарларының негізінде іске асады.
 
Тәрбие жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті,  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2017-2018 оқу жылына әдістемелік нұсқау хаты негізінде    8 бағыт бойынша жұмыс жасайды.
 
Ұйымдастыру шаралары және талдау диагностикалау қызметі
 
1.Қазақстандық патриотизм,  азаматтық  және құқықтық тәрбие.
 
2.Рухани-адамгершілік тәрбие
 3.Ұ
лттық тәрбие
 
4.Отбасы тәрбиесі.Ата-аналармен жұмыс
 5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
 6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
 7.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
 8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив