«Отбасымен бірге оқиық» » «№76 Рысбек Мырзашев атындағы негiзгi орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Основная средняя школа №76 имени Рысбека Мырзашева»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 50-58-99
Бухгалтерия
+7(701) 181-28-50
Версия для
слабовидящих
19
февраль
2020

«Отбасымен бірге оқиық»

Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп кітапханасының ұйымдастырумен  «Отбасымен бірге оқиық» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы – таным бесігі, отбасы - үлгі – өнеге бастауы. Ата – ананың үйдегі қарым - қатынасы, киімкиісі, мінез – құлқы бәрі балаға үлгі.Өйткені, бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан – мейір алатындығын» жеткізу. Мектеп кітапханасының отбасылық оқырмандары Құдайбергеновтер отбасы дөңгелек үстелге қатысты.  Мектебіміздің білікті ұстазы бастауыш сынып мұғалімі Г.Қожаева және оның балалары мектеп білім алушылары  Н.Құдайберген 8  «а» сынып оқушысы, Б.Құдайберген «5» б сынып оқушысы, Д.Құдайберген 4 «а» сынып оқушысы, Е.Құдайберген  2 «ә» сынып оқушылары. Аталған оқырмандарымыз өздерінің оқыған кітаптары жайлы баяндап берді. Өздерінің замандастарын кітап  оқуға шақырды. Отбасы-шағын мемлекет. Мектеп – отбасы – бала қарым-қатынасы бір-бірімен тығыз байланысты. Отырыс  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында. Ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» дей отырып, ұстаз-ата-ана-бала тығыз қарым-қатынаста болса еліміздің болашағы жарқын болмақ, - деген сөздерімен аяқталды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив