"Попечительский советіне"есеп беру
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде 26.09.20ж сағат 09/00 де мектеп директоры Әбдіхалық Хорошийлықұлы бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсау бойынша "Қамқоршылық кеңесіне"есеп беру жиналысын өткізді.Жиналысқа қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен мектеп әкімшілігі және ата-аналар қатыса отырып zoom платформасында ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде:
1.Бюджеттен бөлінген қаржының есебі
2."Кезекші сыныппен"оқытудың ұйымдастырылуы
3.Санитарлық талаптардың сақталуы
Өз кезегінде қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бағдагул Оразқызы сөз алып мектепте өткізіліп жүрген ауқымды іс-шараларға тоқталып өтті.Кезекші сыныптар үшін жасалынған тазалық, "санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" бала болашағының,денсаулығының маңызды айғағы екендігін атап өтті.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Хорошийлық Шорабекұлы,Бағила Сергулиева және тағы басқа қатысушылар мектеп директорының есебіне қанағаттанып,өз ризашылықтарын білдірді.