06
февраль
2021
«Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында психологиялық тренингтер ұйымдастырды.
Шымкент қаласының Управления образованияна қарасты Р. Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің педагог-психологтары Самал Аманкельдиевна мен Динара Ибрахимовна, мектеп медбикесі Еркинай Искаковна, қыздар төрайымы Оразкул Матжанқызы, хатшы Гаухар Нұрмахановна, 6-9 сынып жетекшілері, 6 - 9 сынып оқушылары арасында ерте жүктіліктің алдын алу: «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында психологиялық тренингтер ұйымдастырды.
Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, сыпайылық, пәктігін, сұлулығын, инабаттылығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Өту орны: Мәжіліс залы
Жүру барысы:
1. «Қыз қылығымен көрікті» бейнеролик
2. Қыздарға арналған ұсыныс кеңестер
3. Нейрогимнастика жаттығулары
4. Жеке бас гигиенасы
5. Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі.
6. «Өзіңді мақта!» жаттығуы.
7. «Достық торы» жаттығуы.
Қорытындылау мақсатында бүгінгі психологиялық тренинг қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым «Қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.
«Қыз қылығымен көрікті» атты психологиялық тренинг сақтық талаптанына сақтай отырып жүргізілді.