07
апрель
2021
"Попечительский советінің" отырысы
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің қамқоршылық және әдеп кеңесінің отырысы zoom платформасында өтті.
Күн тәртібінде:
1.Попечительский советінің төрайым немесе төрағасын қайта сайлау және бекіту туралы
2.Попечительский советінің құрылу ережелерімен таныстыру.
Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Ж.Тажен сөз алып, биылғы жаңа оқу жылына бекітілген жоспардың мазмұнымен таныстырды. Попечительский советінің төрайымы үш жылдық мерзімге сайланатынын және мерзім уақыты аяқталған соң қайта сайлану керектігі айтылды және слайд көрсетіліп түсіндірілді.Попечительский совет мүшелерінің лауазымдық міндеттері,жүктемелері айтылып,ескертілді.
Жиналысқа қатысушылардың ұсыныс,ой пікірімен қамқоршылық кеңесі мүшелеріне өзгеріс енгізу керектігі айтылды.
Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің құрылу ережелерімен таныстырылды.
Биылғы жаңа оқу жылынан бастап ата-ана мен білім беру орталығының арасындағы келісімшарт туралы айтылды. Онда келісім шарттың әр пунктіне мән беріліп, ата-ана тарапынан және мектеп тарапынан негізге алынатын талаптары талқыланды.
Мектеп қорынан міндеттелген ыстық тамақ мәселесі сөз болды.
Қалалық білім басқармасының 01.03.21жылғы №135 бұйрығына сәйкес мектеп ішілік ата-аналар қамқоршылық ұйымының мүшелері тағайындалды.