21
февраль
2023
Попечительский совет мүшелерінің отырысы
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының 10.02.2023 жылғы №64 бұйрығына №80 қосымшаға байланысты Попечительский совет мүшелерінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1.Попечительский советінің мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
2.Попечительский советінің төрағасын сайлау.
Мектеп директоры А.Ж.Тажен Попечительский советінің отырысын ашып беріп, күн тәртібіндегі мәселермен таныстырды. Отырыс барысында ДТЖЖО Н.Досымбетов қамқоршылық кеңесінің мақсаты білім беру ұйымына қолдау көрсету, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық –техникалық базасының нығайуына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтты. Сонымен қатар қамқоршылық кеңесінің бағыттары білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс –шараларға көмек көрсету керек екендігіне тоқталып өтті. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен мен жұмыспен қамтылуын жақсартып, білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу мен білім беру ұйымы басшылығының қамқорлық кеңесі алдындағы есебін тыңдап қабылдау керектігі туралы айтты.
Попечительский советінің мүшелері ашық дауыс беру арқылы Жузумбаев Мурат Бекмуратовичты қамқоршылық кеңесінің төрағасы етіп сайлады. М.Б.Жузумбаев Попечительский советінің төрағалығына келісімін бере отырып, Попечительский советінің мүшелеріне алғысын айтып,бірге жұмыс жасауға шақырды.