10
апрель
2023
АТА АНАЛАР НАЗАРЫНА!
АТА АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті ата аналар, жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді.Төтенше жағдай кезінде өз әрекеттерін алдын ала жоспарлап қою керектігін ескертеміз!Төтенше жағдайда , ең бірінші сақтық шараларын дұрыс орындай білу керек!!
Ол үшін төмендегі кеңестерге сүйенген жөн:
Үйде, жұмыс орнында, мектепте, көшеде қауіпсіз орындарды бағдарлау;
Отбасы мүшелерімен жер сілкінгенде не істеу керек екенін талқылап, алғашқы медициналық көмек беру ережесін үйрену;
Дәрі қорабын дайындау және ондағы дәрі-дәрмекті қолдану ретін білу;
Құжат, ақша, қалта шамын үнемі ыңғайлы орынға қою;
Кереуетті терезе мен қабырғалардан алшақ орналастыру;
Үйге кіретін жолды жиһаздармен, өзге заттармен бөгемеу;
Шкафтар мен сөрелерді шегелеп бекіту, үстіне ауыр заттар қоймау;
Улы химикат, тез тұтанатын сұйықтық секілді қауіпті заттарды жақсы оқшауланған сенімді орында сақтау.
#шымкентқаласыбілімбасқармасы
#шымкентқаласыбілім_басқармасы
#шымкентқаласыәдістемелік_орталығы
#Шымкент_білім_басқармасы
#Шымкентәдістемелікорталық
#Шымкент_қаласының_білім_басқармасы