22
март
2024
ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ НАУРЫЗ
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні Март мерекесіне байланысты «Қош келдің әз Март»атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс -шара барысында ұлттық дәстүрімізді ұлықтайтын салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық ойындар көрініс тапты.
Іс-шараны мектеп директоры Әбдіхалық Хорошийлықұлы ізгі тілегімен бастап ашып беріп,мектеп ұстаздарынан құралған «Әжелер» хор шырқады. Шағын ауданымызда ашылған "Заңғар" би үйірмесіне қатысатын әсем қыздарымыз, мың бұрала би биледі.
Мерекені ауызбіршілікте ұйымдастыра білген Бастауыш бірлестігінің ұстаздары іс-шара соңында келген қонақтар мен оқушыларға шашу шашып,Март көжеден дәм татқызды.