15
октябрь
2025
«ТАЗА ЕЛ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!»
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің ұстаздары мен қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысуда.
Мектеп ұжымы әр сенбі сайын дәстүрлі түрде сенбілік ұйымдастырып, мектеп аумағын қоқыстан тазартып, күзгі жапырақтарды жинап, бұтақтарды кесіп, жасыл аймақты күтіп-баптауға зор үлес қосып келеді.
Бұл игі іс – табиғатқа деген жанашырлықтың, экологиялық тәрбие мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.

