21
декабрь
2019
«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕН»
Ұлы ұстаз Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығына орай біз атақты бабамыздың «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты белгілі философиялық еңбегіне сүйене отырып, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов- «Шымкент-Қайырымды қала» деген балама атау ұсынған болатын. Бұл ізгі бастама Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде декабрь айының 10-21 аралығында «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕН» атты қайырымдылық акциясымен жалғасын тапты. Акция қорытындысы мектеп мәжіліс залында концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Іс-шарада мектеп психологы Мизанова Самал ата-аналар мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін «Қолынан танып біл» жаттығуын жүргізді. Бұл жаттығудың мақсаты: Ананың өз баласын тану, сезімталдығын анықтау.
Мектеп директоры А.Ж.Тажен ата-аналарға «Балаларға мотивация беру, манипулиция жасау қажет пе» атты треннинг өткізді. «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕН» акция аясында қамқор жандардың көмегімен жиналған заттар көпбалалы және басқа санаттағы көмекке мұқтаж жандарға таратылып берілді. Сонымен қатар мектебімізден үйде оқытылатын оқушыларда мектепке келіп концерттік бағдарлама тамашалап, өз өнерлерін көрсетіп жаңа жылдық сыйлықтар мен қамқор жандардан жиналған заттар алып қуанышқа кенелді. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кеңпейілдік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу -өзіңде барды әр адаммен шын жүректен бөлісу. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға үлес қосқан жылы жүректі жандарға алғыс білдіреміз.