21
июль
2021
"Лучший кітапханашы - 2021"
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Еркеева Ақиқат Жылқыбайқызы ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік - бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын педагогтар мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Лучший кітапханашы - 2021" атты республикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар білім саласына қосқан айрықша үлесі үшін "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл" төсбелгісі табысталып, кітапхана меңгерушісі Еркеева Ақиқаттың авторлық жұмысы "Лучший кітапханашы - 2021" атты республикалық байқаулардың материалдар жинағына енгізілді.