13
октябрь
2021
“ Біз ата-аналарымыздан нені күтеміз?”
Шымкент қаласы Управления образованияна қарасты Р.Мырзашев атындағы N76 негізгі орта мектебінің педагог-психологтары Самал Аманкелдіқызы, Динара Ибрахимқызы “Ата-ананың балаға деген махаббаты” 5 сынып ата-аналарына психологиялық ойын-жаттығулар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық ойын-жаттығулар, баяндамалар арқылы көрсету.
Өткізілетін күні:13.10.2021 ж
Қатысқандар:ДТЖЖО Гүлмира Жолбарысқызы,
5 сыныптың ата-аналары, сынып жетекшілері.
Өткізілетін орны: мұғалімдер бөлмесі.
Тренинг міндеті: Баласынан махаббатын аямай оны барынша қолдап отыру, оған түсіністікпен қарап, сенімділігін арттыру.
5 сынып оқушылар арасында жүргізілген “ Біз ата-аналарымыздан нені күтеміз?” сауалнама алынып, қорытындысымен ата-аналарға таныстырылды.
“Ата-ананың балаға деген махаббаты” баяндама оқылды.
“Танысу”, “Жылы сөз” ойын-жаттығулары жүргізілді.
Аңыз “Көбелектің тағдыры” видеоролик көрсетіліп, ата-аналар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Қорытынды: Сіздер әрқашан бала тәрбиелеуде ата-аналық мейірімдеріңізді, балаңызға деген жылулық нұрыңызды төгілтіп, әрқашан өз махаббаттарыңызды балаларыңыздан аямауларыңыз керек. Егер балаңыздың мықты болғанын қаласаңыз, олардың білім алуына және домтапсырмаларын орындауына атсалыса отырып, жоғары жетістікке жетелейтіндей жағдай жасаңыз.