14
декабрь
2021
"Жас Ұлан", "Жас Қыран"
Шымкент қаласы Управления образованияна қарасты Р.Мырзашев атындағы № 76 негізгі орта мектебінде 13 декабрь күні ҚР - ның Тәуелсіздігінің 30 - жыл толуына орай Республикалық біріңғай "Жас Қыран" және "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиыны өтті. "Жас Ұлан" ұйымына мектеп үздіктерінен 2 сыныптан 32 оқушы "Жас Қыранға", 5 сыныптан 33 оқушы "Жас Ұлан" қабылданды.
"Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымының мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төс белгі тағу құқығы мектеп директоры А.Ж.Тажен, Попечительский советінің төрайымы Б.О.Жақыпбекова, Шымкент қаласының Аль - Фараби ауданы Нұр Отан партиясының Білім және ғылым бастауыш партиясының төрағасы С.А.Мажинбеков және мектеп ұстаздары тақты. Іс - шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін - өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!