19
январь
2024
“Тоғыз айға 9 іс-шара”
Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебінде 2023-2024 оқу жылында “Тоғыз айға 9 іс-шара” тұжырымдамасы аясында январь айының “Қазақ есебі” жоспарына сәйкес, математика пәні мұғалімдері Бөріханова Раушан Ахатқызы мен Мусиратали Балжан Асылбекқызы 5 сынып оқушылары арасында “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” атты сыныптан тыс жұмыс өткізді.
Мақсаты: оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, байырғы қазақ өлшемдері туралы түсінік қалыптастыру, қазақ есебін шешуде логикалық қабілеттерін дамыту
Сыныптан тыс жұмыс барысында 5 сынып оқушыларын “Kahoot”, “wordwall” платформалары арқылы сұрақтарға жауап беріп, практикалық бөлімде оқушылар есептерді шығаруда байырғы қазақ өлшемдерінің тарихын талқылады
Сайыс сабақ соңында оқушылар төмендегідей нәтиже көрсетті және дипломдармен марапатталды:
1 орын Ермек Мағжан
2 орын Жандарбек Кәусар
2 орын Ратбек Айару
3 орын Орынбай Айару
3 орын Полат Ридванердем
Сайысқа белсене қатысқан оқушыларға алғыс айавгуст және білімдерін одан әрі жетілдіре беруіне шын жүректен тілектеспіз