06
декабрь
2021
«ТӘУЕЛСІЗДІК — ТӘҢІРДЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ СЫЙ»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Р. Мырзашев атындағы
№76 негізгі орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» проект аясында ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «ТӘУЕЛСІЗДІК — ТӘҢІРДЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ СЫЙ» тақырыбында
«1 сынып - 30 кітап оқу» байқауының қорытындылау кеші өтті.
Байқаудың мақсаты «Оқуға құштар мектеп» проект н іске асыру және білім алушылардың кітапты оқуға деген қызығушылығын арттыру болатын. Кеш барысында «Кітап оқудың пайдасы», «Мен оқыған кітап» атты білім алушылардың оқыған кітаптары бойынша бейне материалдар көрсетілді. Сонымен қатар,
2 «ә» сынып оқушысы Шарафуддин Хадиша, 5 «ә» сынып оқушысы Мажит Малика "Тәуелсіздік" тақырыбында өлеңдерін тарту етсе, қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Елекеева Құндызай "Қазағым" әнін көрермендерге тарту етті.
Байқау нәтижесінде
Бас жүлдені 4 «А» сыныбы иеленсе,
І орын - 2 «Ә» сыныбына бұйырды, ал қос
ІІ орынды - 6 «А», 4 «В» сыныбы еншілесе,
ІІІ орындарды - 7 «Б», 5«Ә», 4 «Ә» сынып оқушыларына бұйырды.
Жеңімпаздарға ең құнды сыйлық кітап табысталды.
Оқырмандарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Әрдайым Тәуелсіз елдің мақтанышы болуларына тілектеспіз!








