12
май
2022
“Ата-ана махаббаты”
15 май Халықаралық отбасы күні құтты болсын, құрметті әріптестер және ата-аналар!
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Р. Мырзашев атындағы N76 негізгі орта мектебінің педагог-психологтары Самал Аманкелдіқызы, Динара Ибрахимқызы отбасы күніне орай “Ата-ана махаббаты” атты психологиялық тренингтер ұйымдастырды.
Мақсаты:Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін баяндамалар психологиялық ойын-жаттығулар арқылы көрсету.
Міндеті:Баласынан махаббатын аямай оны барынша қолдап отыру, оған түсіністікпен қарап, сенімділігін арттыру.
Өткізілген күні: 11.05.2022 ж
Сағат: 13.00
Өткізілетін орны: Өзін-өзі тану кабинеті.
Қатысушылар: ДТЖЖО Гүлмира Жолбарысқызы,
6 сынып ата-аналары және оқушылар.
1. “Есімдер аллитерациясы” жаттығуы.
2. “Қолынан танып біл!” жаттығуы.
3. “Аралда” жаттығуы.
4. “Тілек гүлі” жаттығуы
Қорытынды: Әрқашан бала тәрбиелеуде ата-аналық мейірімдеріңізді, балаңызға деген жылулық нұрыңызды төгілтіп, өз махаббаттарыңызды балаларыңыздан аямауларыңыз керек.
#балалар_жылы_шымкент
#шымкент_психология_әдістемелікорталық
#childrenrightskz
#balaqorgau
#bala_qorgau